ШҚО-да өртенген үйден бір әйел мен екі баланың денесі табылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден бір әйел мен екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Kursiv.media.

YK-news.kz ақпаратына қарағанда, оқиға Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында болған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі опырылып құлаған.

«Өртті сөндіру барысында әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кететін жайт, Өскеменде өрт шыққан тоғыз қабатты үйден 12 адам құтқарылды.

Сондай-ақ оқыңыз