Енді шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін электронды рұқсат алуы керек

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалды

Енді Қазақстанмен визасыз режимдегі мемлекет азаматтары елге кіру үшін электронды рұқсат алуы керек. 24 қазаннан бастап Қазақстан үкіметінің тиесілі қаулысы күшіне енеді, деп жазады Kursiv.Media.

Электронды рұқсатты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімімен Ішкі істер органдары береді. Цифрлық платформа арқылы тегін рәсімделеді.

Рұқсат алу үшін шетел азаматы елге кірерден 72 сағат бұрын цифрлық ресурс арқылы өтінім беруге тиіс. Өтінім бергенде аутентификация немесе жеке басын сәйкестендіруден өту деген талап та бар. Электронды рұқсат Қазақстанда 180 күнтізбелік күн жүруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін кезде паспорттық бақылауда шетелдік азаматтар төлқұжат немесе паспортын ұсынады. Сол арқылы кеден қызметкерлері «Бүркіт» цифрлық жүйесінде электронды рұқсат бар-жоғын тексереді.

  • Электронды рұқсатты мына ел азаматтары алуы керек: Австралия, АҚШ, Австрия, Бахрейн, Бельгия, Болгария, БАӘ, Ватикан, Вьетнам, ГФР (Германия), Грекия, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Индонезия, Италия, Канада, Қатар, Кипр, Колумбия, Корея Республикасы, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Венгрия, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланд, Норвегия, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словакия, Словения, Таиланд, Ұлыбритания, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция және Эстония.
  • Иран Ислам Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары.
  • Түркия Республикасының азаматтары.
  • Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің азаматтары.
  • Қазақстан Республикасымен визасыз жүріп-тұру туралы халықаралық шарттар жасасқан елдердің азаматтары.

Электронды рұқсат беру кезең-кезеңімен енгізіледі:

  • 2026 жылғы 1 қарашадан бастап – ҚР Мемлекеттік шекарасының өткізу пунктерінде: Ақтау халықаралық әуежайы, сондай-ақ «Үрлітөбе» (Павлодар облысы), «Ауқатты» (Жамбыл облысы), «Атамекен» (Түркістан облысы) және «Нұрлы Жол» (Жетісу облысы) автомобиль өткізу пунктерінде қолданысқа енгізіледі. Бұл кезеңде рұқсаты жоқ иммигранттардың елге кіруіне шектеу қойылмайды, тек оны рәсімдеу қажеттілігі түсіндіріледі.
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында іске қосылады (электронды рұқсаттың маңыздылығы түсіндіріліп, шекарадан өтуге рұқсат беріледі).
  • 2027 жылғы 1 наурыздан бастап – ҚР Мемлекеттік шекарасының қалған барлық өткізу пунктерінде қолданыла бастайды (түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, кіруден бас тартылмайды).
  • 2027 жылғы 1 шілдеден бастап – Электронды кіру рұқсаты толықтай міндетті болады. Осы күннен бастап рұқсаттың болмауы иммигрантқа Қазақстан Республикасына кіруден бас тартуға негіз болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Сондай-ақ оқыңыз