«Рига» – «Қайрат»: Конференция лигасындағы алғашқы ойынын қайдан көруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: Қайрат футбол клубының баспасөз қызметі

Бүгін, 15 қазанда Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізеді. Қазақстандық команда сырт алаңда Латвияның «Рига» клубымен ойнайды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Кездесу Латвия астанасындағы «Сконто» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 21:45-те басталады. «Рига» мен «Қайрат» арасындағы ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Алматылық клуб биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған. «Қайрат» алдымен Черногорияның «Сутьеска» және Кипрдің «Омония» клубтарын жеңгенімен, кейін Болгарияның «Левски» командасына есе жіберіп, турнирден шығып қалды.

Осыдан кейін қазақстандық команда Еуропа лигасының іріктеуіне ауысты. Алайда плей-офф кезеңінде Бельгияның «Андерлехт» клубынан жеңіліп, Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

«Қайраттың» келесі қарсыластары кімдер?

Жалпы кезеңде алматылық команда алты матч өткізеді. «Ригадан» бөлек, «Қайрат» Грекияның «Панатинаикос», Италияның «Аталанта», Румынияның «Университатя» Крайова, Нидерландтың «Твенте» және Швецияның «Мьельбю» клубтарымен кездеседі.

Конференция лигасының жалпы кезеңінде әр команда алты қарсыласпен ойнайды. Турнир кестесінде үздік сегіздікке енген клубтар тікелей 1/8 финалға өтеді. Ал 9–24-орын алған командалар плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Сондай-ақ оқыңыз