Қазақстан сегіз айда 100 млрд доллардан астам сауда жасады

2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 млрд долларға жуықтады. Бұл былтырғы қаңтар–тамызбен салыстырғанда 12,8%-ға көп.
Өсімнің негізгі бөлігін экспорт қамтамасыз етті. Қазақстан шетелге 60,4 млрд доллардың тауарын сатып, экспорт көлемін бір жылда 19,5%-ға арттырды. Ал импорт 4,5%-ға өсіп, 42,6 млрд долларды құрады.
Осының нәтижесінде Қазақстанның сыртқы саудадағы оң сальдосы шамамен 17,8 млрд доллар болды.
Қазақстан кіммен көбірек сауда жасайды?
Экспорт пен импорттағы негізгі сауда серіктестері
Италия
18%
Қытай
17,6%
Ресей
8,5%
Түркия
7,9%
Франция
6,1%
Нидерланд
5,9%
Ресей
31%
Қытай
29,8%
Германия
4,6%
АҚШ
3,9%
Оңт. Корея
2,5%
Түркия
2,1%
Экспортта Италия мен Қытай алда
Қазақстан тауарларын ең көп сатып алатын ел – Италия. Оның экспорттағы үлесі 18%. Екінші орында Қытай – 17,6%. Одан кейін Ресей – 8,5%, Түркия – 7,9%, Франция – 6,1% және Нидерланд – 5,9%.
Экспорттың тауарлық құрылымында шикі мұнай әлі де негізгі орын алады: оның үлесі 49,8%. Тазартылған мысқа 6,4%, радиоактивті элементтер мен изотоптарға 5,1%, мыс кендері мен концентраттарына 4,4% тиесілі.
Импорттың 61%-ға жуығы Ресей мен Қытайдан келеді
Импортта екі елдің үлесі ерекше жоғары. Ресей Қазақстан импортының 31%-ын, Қытай 29,8%-ын қамтамасыз етеді. Яғни елге әкелінетін тауарлардың шамамен әр 10 долларының 6 доллары осы екі елге тиесілі.
Одан кейін Германия – 4,6%, АҚШ – 3,9%, Оңтүстік Корея – 2,5% және Түркия – 2,1%.
Импорт құрылымында жеңіл автомобильдер мен өзге моторлы көлік құралдары, телефон аппараттары, дәрі-дәрмек және газ өнімдері алдыңғы орында.