170 мың теңге параға – 5,5 миллион айыппұл: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды
Жарияланды

Ақтөбеде 170 мың теңге пара алған көлік инспекторы 5,5 миллион теңге айыппұл төлеп, сотталды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының қызметкері автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған.
«Алынған параның жалпы сомасы 170 мың теңге болды. Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды», – делінген ақпаратта.
Прокурордың өтінішхаты бойынша Көлік бақылау инспекциясының мекенжайына жеке қаулы шығарылды. Үкім заңды күшіне енді.
Айта кететін жайт, Ақмолада спортқа бәс тіккен екі мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.