Жаңа жылдан бастап екі санаттың әлеуметтік төлемі артуы мүмкін

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілеті мен асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға арттыру ұсынылды. Тиісті қаулы жобасын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі, деп жазады Kursiv.Media.
Құжат жобасы 15 қазанда «Ашық НҚА» порталында жария талқылауға шығарылды. Қоғамдық талқылау 2 қарашаға дейін жалғасады.
Құжатта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін осы екі санаттағы әлеуметтік төлемдерді индексациялау көзделген. Бұл өзгеріс төлем алушылардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта қаулы жобасы қоғамдық талқылаға шығарылды. Жоба қабылданған жағдайда жаңа мөлшердегі әлеуметтік төлемдер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
МӘСҚ қорынан бай әйелдер де бала туғаннан кейін бір жарым жыл бойы жәрдемақы алуын тоқтатпайды. Бұл мәселені депутат түсіндіріп берген еді.