Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Қатар әмірімен кездесті / Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Қатар арасындағы жан-жақты серіктестікті нығайтуға, бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Әңгіме барысында Таяу Шығыстағы ахуал да талқыланды.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Әзербайжанда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VII саммитінде сөз сөйлеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз