АҚШ Иранға қарсы санкцияларды күшейтті  

Жарияланды
США накажут пошлинами все страны, продолжающие бизнес с Ираном. US Iran
АҚШ Иран азаматтарына қатысты санкцияны күшейтті/ Фото: Shutterstock

АҚШ Иранға қатысты санкциялар тізіміне Кубаның бір банкін, сондай-ақ тағы 10 заңды және 16 жеке тұлғаны енгізді, деп хабарлайды Kursiv.media.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) сайтында жарияланған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдеуінше, Кубаның Banco Internacional de Comercio S.A. банкі Иранның қаржы ұйымдарына қызмет көрсетті деген айыппен санкцияға іліккен.

Шектеу шаралары Иран, Иракт және Гонконгта тіркелген заңды тұлғаларға да қатысты енгізілген. Олардың қатарында Иракта орналасқан International Development Bank (IDB) банкі бар. Санкциялар тізіміне енгізілген барлық жеке тұлға Иран азаматтары болып отыр.

Сонымен қатар АҚШ қаржы министрлігі IDB қатысатын операцияларды аяқтау үшін 30 қазанға дейін бірқатар қаржылық операция жүргізуге рұқсат беретін жалпы лицензия шығарды.

Санкциялар тізіміне енгізілген тұлғалар мен ұйымдардың АҚШ-тағы активтері бұғатталады. Сондай-ақ америкалық азаматтар мен компанияларға олармен іскерлік байланыс орнатуға тыйым салынады.

Тағы да оқыңыз: Қазақстандық компания АҚШ-тың Иран авиациясына салған санкциясына ілікті

Сондай-ақ оқыңыз