Хорватиядағы «Үлкен дулыға» турниріне Қазақстаннан 17 дзюдошы қатысады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: olympic.kz

Хорватияның Загреб қаласында өтетін дзюдодан «Үлкен дулыға» (Grand Slam) турниріне Қазақстан құрамасынан 17 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарында Әбиба Әбужақынова, Эсмигүл Куюлова және Ажар Асхат бар, деп хабарлайды Kursiv Media.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 13–15 қараша аралығында өтетін халықаралық жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасының атынан сегіз ер және тоғыз әйел дзюдошы сынға түседі.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан мен Нұраділ Әлжан, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов ел намысын қорғайды. Ал 90 келіде Ермахан Әнуарбеков пен Нұржан Бисенов, 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ерасыл Қажыбаев пен Жантілек Нұртілепұлы белдеседі.

Әйелдер құрамында 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева, 52 келіде Меруерт Сәрсенова мен Аружан Ережепова өнер көрсетеді. Сондай-ақ 57 келіде Дана Әбдірова, 63 келіде Эсмигүл Куюлова, 70 келіде Ажар Асхат, 78 келіде Екатерина Токарева және 78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова жарысқа қатысады.

Айта кетейік, бұл – Халықаралық дзюдо федерациясы жариялаған алдын ала құрам. Турнир басталғанға дейін қатысушылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Загребтегі «Үлкен дулыға» турнирі 13–15 қараша күндері өтеді.

Оқи отырыңыз: Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды

Сондай-ақ оқыңыз