Отбасы ішіндегі ақша аударымы табыс деп есептелмейді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Делия Айдаралиева

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап екінші деңгейдегі банктер жәрдемақы алушының банк шоттары мен депозиті туралы мәліметті еңбек министрлігіне береді. Еңбек вице-министрі Бахтияр Жазықбаевтың айтуынша, отбасы мүшелері арасындағы ақша аударымдары табыс ретінде есептелмейді.

Айтуынша, әкесі жалақысын өз банк картасынан әйеліне аударса, ал әйелі сол ақшаны баласына жіберсе, бұл аударым табыс деп есептелмейді. Бұл жерде олардың бір жерге (үй шаруашылығына) тіркелгені ескеріледі. Өйткені отбасының негізгі кіріс көзі — әкесінің жалақысы. 

Вице-министр бір рет сыйлық ретінде қомақты қаражаттың аударылуы туралы да айтты.

«Табысты есептеу кезінде бір реттік аударым ғана емес, соңғы 12 айда қанша ақша түскені ескеріледі. Яғни, бір айда біреу сізге 1 миллион теңге сыйлап, ал қалған айларда ешқандай ақша аудармаса, бұл қаражатты тұрақты табыс ретінде есептеу тәртібі басқаша болады. Жылдық орташа табыс есептеледі», – дейді вице-министр. 

Айта кетейік, қазақстандықтар жаңа жылдан бастап табысына қарай А, В, С, Д және Е деген бес санатқа бөлінеді. 

Сондай-ақ оқыңыз