Оқушылардың қазасы: Тоқаев Пәкістан халқына көңіл айтты
Жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Пешавар қаласында мектеп ғимаратының шатыры опырылып, адамдардың қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Kursiv.media.
Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтып, Пәкістан халқына қолдау білдірді. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Пәкістанның Пешавар қаласында жекеменшік мектептің шатыры опырылып, кемінде 28 бала мен екі мұғалім қаза тапқанын жазғанбыз. Соңғы деректер бойынша қаза болғандардың саны 34-ке жеткен.