Еуразиялық одақтағы өнеркәсіп өсімі бойынша Қырғызстан төрт елді басып озды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қырғыздардың өнеркәсібі өсіп жатыр / Фото: shutterstock.

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭС) кіретін бес елдің арасында Қырғызстанның өнеркәсіп өндірісі қарқынды дамып келеді. Еуразиялық экономикалық кеңес дерегіне сәйкес, 2026 жылдың 8 айында қырғыздардың өнеркәсібі бірден 8,8 пайызға өскен.

Ал Ресей өнеркәсібінде тоқырау орын алып, 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда, мүлдем өспеген.

Соның салдарынан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭС) мүше елдердің жалпы өнеркәсіптік көрсеткіші өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бар-жоғы 0,3%-ға өскен.

Ал Қырғызстаннан кейін Армения келеді, бұл елдегі өнеркәсіп жыл басынан бері 7,4% өскен.

Ал Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,8% өссе, Беларусь еліндегі өсім динамикасы 0,2%-ды құрады.

Биыл Қазақстан ЕАЭО елдері арасында халықтың нақты жалақысы ең қатты төмендеген мемлекет атанды. Одақтастарда сатып алу қабілеті артып жатқанда, елімізде көрсеткіш бірден 2,3%-ға құлдыраған.

Сондай-ақ оқыңыз