«Қайрат» – «Панатинаикос» матчының билеттері сатылымға шықты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде грек елінің «Панатинаикос» командасына қарсы өтетін матчқа билет сатылымын бастады. Билет құны 4 мыңнан 15 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Кездесу 22 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын сағат 19:30-да басталады. Алматылық клуб жариялаған ақпаратқа сәйкес, билет бағасы трибунаға байланысты белгіленген. Солтүстік және оңтүстік трибуналарға кіру құны – 4 мың теңге, шығыс трибунаға – 8 мың теңге, батыс трибунаға – 12 мың теңге. Ал D ложасындағы орындар 15 мың теңгеден сатылады.
Маусымдық абонемент иелеріне жеңілдік қарастырылған. Олар солтүстік және оңтүстік трибуналарға билетті 1500 теңгеге, шығыс трибунаға 3000 теңгеге, батыс трибунаға 5000 теңгеге сатып ала алады. D ложасындағы орындар абонемент иелеріне 7000 теңге тұрады.
Билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp қосымшалары арқылы сатылады. Сатып алу кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсету қажет. Билеттер қайтарылмайды. Клуб жанкүйерлерді алыпсатарлардан билет алмауға шақырды. Сондай-ақ стадионға матч басталардан 2–3 сағат бұрын келуге кеңес берді.
Айта кетейік, «Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы кездесуін 15 қазанда Латвияның «Рига» клубына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.