Көрермені көп кино: Қазақстанда қандай фильмдер миллиард теңге жинады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: ЖИ-мен жасалған

Қазақстанда отандық киноның кассалық әлеуеті соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Бұрын 1 млрд теңге касса жинау сирек болса, қазір бұл межеден асқан фильмдер саны көбейіп келеді. Комедия, драма және франшизалық жобалар көрерменді кинотеатрға тұрақты тартып, жергілікті нарықта ірі коммерциялық нәтижелер көрсете бастады. Kursiv.Media Persona мәліметтерін негізге ала отырып, рейтингті жаңартып, кассасы ең көп болған отандық фильмдердің тізімін жасады.

Ашық деректер бойынша ең көп көрермен жинаған «Таптым-ау сені» фильмі – шамамен 1,835 млрд теңге. Одан кейін «Ыстық ұя» – 1,755 млрд теңге және «Дәстүр» – 1,730 млрд теңге көрсеткішімен тұр.

🎬 ТОП-15

Қазақстан тарихындағы ең кассалы отандық фильмдер

Қазақстан кинотеатрларындағы кассалық жиналым бойынша

1
Таптым-ау сені

Таптым-ау сені

2023
Кассалық жиналым
1,835 млрд ₸
2
Ыстық ұя

Ыстық ұя

2025
Кассалық жиналым
1,755 млрд ₸
3
Дәстүр

Дәстүр

2023
Кассалық жиналым
1,730 млрд ₸
4
Патруль. Последний приказ

Патруль. Последний приказ

2025
Кассалық жиналым
1,727 млрд ₸
5
Молда

Молда

2025
Кассалық жиналым
1,558 млрд ₸
6
Zamanback

Zamanback

2024
Кассалық жиналым
1,480 млрд ₸
7
Қолыңнан келсе алып қаш

Қолыңнан келсе алып қаш

2025
Кассалық жиналым
1,402 млрд ₸
8
Брат или брак 3

Брат или брак 3

2024
Кассалық жиналым
1,301 млрд ₸
9
Qazaq Alemi

Qazaq Alemi

2024
Кассалық жиналым
1,287 млрд ₸
10
Қазақша бизнес Үндістанда

Қазақша бизнес Үндістанда

2023
Кассалық жиналым
1,282 млрд ₸
11
Таптым-ау сені 2

Таптым-ау сені 2

2025
Кассалық жиналым
1,199 млрд ₸
12
Қазақша бизнес Бразилияда

Қазақша бизнес Бразилияда

2023
Кассалық жиналым
1+ млрд ₸
13
Рэкетир 3

Рэкетир 3

2025
Кассалық жиналым
1+ млрд ₸
14
Хотя бы кинода 2

Хотя бы кинода 2

2023
Кассалық жиналым
1+ млрд ₸
15
Жездуха

Жездуха

2023
Кассалық жиналым
1+ млрд ₸

Ескерту: рейтинг ашық деректердегі Қазақстан прокатының кассалық көрсеткіштеріне негізделген. Нақты қорытынды кассасы жарияланбаған фильмдерде «1+ млрд ₸» белгісі қолданылды.

Прокатта ең көп табыс тапқандардың көшін 2023-2025 жылдарғы фильмдер бастап тұр. Бұл соңғы бірнеше жылда қазақстандық киноның коммерциялық нарығы айтарлықтай кеңейгенін көрсетеді. Әсіресе сиквелдер мен бұрыннан аудитория жинаған франшизалар жоғары нәтиже көрсетуде.

Мәселен, «Патруль. Последний приказ» 1,727 млрд теңге, «Молда» 1,558 млрд теңге, ал Zamanback 1,480 млрд теңге жинаған. «Қолыңнан келсе алып қаш», «Брат или брак 3», Qazaq Alemi және «Қазақша бизнес Үндістанда» фильмдерінің әрқайсысының кассасы да 1,2 млрд теңгеден асып кеткен.

Рейтингтің тағы бір ерекшелігі – миллиард теңгелік межеден асқан фильмдердің қатары кеңейіп келеді. «Қазақша бизнес Бразилияда», «Рэкетир 3», «Хотя бы кинода 2» және «Жездуха» сияқты жобалар да 1 млрд теңгеден астам касса жинаған фильмдер қатарына кіреді.

Бұл көрсеткіштер отандық кино индустриясының тек мәдени емес, коммерциялық нарық ретінде де қалыптасып келе жатқанын аңғартады. Соңғы жылдары көрермен жергілікті фильмдерге көбірек билет сатып алып, қазақстандық жобалардың кинотеатрлардағы үлесі өсе түсті.

Сонымен бірге кассалық жиналымды фильмнің таза табысымен шатастыруға болмайды. Жалпы кассадан кинотеатрлардың үлесі, дистрибьюторлық шығындар, маркетинг және өндірістік бюджет шегеріледі. Сондықтан жоғары касса әрдайым жобаның жоғары пайда тапқанын білдірмейді.

Сондай-ақ оқыңыз