Қысқы дөңгелек тақпаған жүргізушілер қанша айыппұл төлейді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Қыс мезгілінде жазғы дөңгелекпен жүргені үшін айыппұл мөлшері 5 АЕК-ті құрайды / Фото: shutterstock

1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелекпен көлік жүргізуге тыйым салынады. Бұл талапты орындамаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұл туралы КурсивАвто Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қысқы шиналарды пайдалану талабы Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде бекітілген.

Қысқы дөңгелек тақпағандарға қанша айыппұл салынады

2026 жылы белгіленген мерзімде қысқы шиналарсыз көлік басқарғаны үшін 5 АЕК немесе 21 625 теңге айыппұл қарастырылған. Егер жүргізуші әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы құқық бұзушылықты қайталаса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке, яғни 86 500 теңгеге дейін өседі.

Қысқы дөңгелекті қашан ауыстырған дұрыс

Полиция жүргізушілерді дөңгелекті алғашқы қар немесе көктайғақ түскенше күтпей, маусымға сай уақытында ауыстыруға шақырады. Өйткені күннің күрт суытуы жолдағы жағдайды қиындатып, көлік жүргізуді қауіпті етуі мүмкін.

Сондай-ақ жауын-шашын кезінде және ауа температурасы құбылғанда жылдамдықты сақтап, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты ұстану қажет.

Сондай-ақ оқыңыз