Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге төледі

Жарияланды 19 Қазан 2026 17:43

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Маркетплейсы в Казахстане ждут новые штрафы
Pinduoduo мен Claude ел нарығына салық қомақты салық төледі/ kursiv.media архиві

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік интернет-платформалар салық міндеттемелерін орындауға тиіс. Осы талап аясында Pinduoduo мен Claude сервисін әзірлеуші Anthropic компаниясы Қазақстан бюджетіне жалпы сомасы 8 млрд теңге аударды,  деп хабарлайды Kursiv.media.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салықтық әкімшілендіру нәтижесінде Pinduoduo бюджетке 6,8 млрд теңге (15,1 млн доллар) төлеген.

Ал Claude жасанды интеллект көмекшісін әзірлеуші америкалық Anthropic компаниясы өткен салық кезеңдері үшін 1,2 млрд теңге (шамамен 2,6 млн доллар) аударды. Компания салық органдарының камералдық бақылау қорытындысы бойынша жіберген хабарламасын орындаған.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, салық талаптарын орындамаған шетелдік интернет-платформалардың ресурстарына ел аумағында қолжетімділікті шектеуге болады.

Осыған байланысты мемлекеттік кірістер комитеті Ұлыбританияда тіркелген Farfetch онлайн-платформасының операторына да салықтық хабарлама жіберген. Алайда компания талапты орындамағандықтан, Қазақстанда Farfetch сайтына қолжетімділік шектелді.

Farfetch киім, аяқкиім және аксессуарлар, соның ішінде танымал брендтердің тауарлары сатылатын халықаралық онлайн-платформа.

Комитет атағандай, Қазақстан алдындағы салық міндеттемелерін орындамайтын өзге де шетелдік интернет-платформаларға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: ChatGPТ мен AliExpress Қазақстанға миллиардтаған салығын қайтарды

Сондай-ақ оқыңыз