Ыстанбұл мен Қожаелідегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ауа райы
Ыстанбұл мен Қожаелідегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті / Фото: Shutterstock

Ыстанбұл мен Қожаеліде болған су тасқыны салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, 14 қазанда Ыстанбұл мен Қожаеліде орын алған су тасқынынан қаза тапқандар саны тағы екі адамның мәйіті табылғаннан кейін тоғызға жеткен.

Бұған дейін Түркияда Ыстанбұлдағы толассыз жауын-шашын кезінде адамдардың қаза табуына, соның ішінде шенеуніктердің немесе азаматтардың салғырттығына байланысты тергеу басталған.

Еске салайық, бұған дейін Ыстанбұлда нөсер жауын салдарынан көшелер мен тұрғын үйлерді су басып, мектептердегі сабақтар тоқтатылғаны хабарланған еді. 

Қаладағы әуежайлардың жұмысы тоқтап, рейстердің барлығы көрші елдер мен қалаларға қонған еді.

Сондай-ақ оқыңыз