Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX акциясын сыйламақ

Америкалық кәсіпкер Илон Маск 2027 жылы АҚШ-тағы әр балаға өзі иелік ететін SpaceX компаниясының бір акциясын сыйламақ. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазды деп хабарлайды Kursiv Media.
«Келесі жылы Америкадағы әр балаға SpaceX компаниясының бір акциясын сыйлаймын. Бұл осындай көптеген бастаманың алғашқысы ғана болады», – деді Маск.
Кәсіпкер акцияны алу шарттарын, бағдарламаға кімдер қатыса алатынын және бағалы қағаздар миллиондаған балаға қалай берілетінін әзірге түсіндірмеген. Бұл бастаманың Дональд Трамп әкімшілігі кезінде құрылған балаларға арналған Trump Accounts инвестициялық шоттарымен байланысы бар-жоғы белгісіз.
АҚШ Санақ бюросының дерегінше, елде 18 жасқа толмаған шамамен 72,1 млн адам тұрады. Forbes есебіне сәйкес, олардың әрқайсысына бір акциядан берілсе, сыйлықтың жалпы құны шамамен 10,5 млрд доллар болуы мүмкін. Бұл есепке АҚШ азаматтары ғана емес, елде тұратын кәмелетке толмаған барлық адам кірген.
SpaceX құжаттарына сәйкес, 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Илон Масктың компаниядағы үлесі 6,42 млрд акцияны құраған. Егер ол 72 млн акция таратса да, өзіне тиесілі акциялардың 2%-ға жуығын бөліп бергенге тең болады.
Тақырыпқа орай: Илон Маск қайтадан триллионер атанды