Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко әлем чемпионы атанды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: instagram

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко Counter-Strike 2 (CS2) ойынынан Thunderpick World Championship 2026 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ол өнер көрсететін бразилиялық FURIA командасы финалда BetBoom Team ұжымын жеңіп, 500 мың доллар сыйақы алды, деп хабарлайды Kursiv Media.

21 жастағы Данил Голубенко киберспорт әлемінде molodoy лақап атымен танымал. Ол FURIA командасында снайпер ретінде өнер көрсетеді.

Thunderpick World Championship 2026 турнирінің финалында FURIA мен BetBoom Team кездесті. Тартысты өткен шешуші матчта бразилиялық ұжым қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.

Қазақстандық ойыншы финалда 85 қарсыласын жойды

Данил Голубенко финалдық серияда жоғары нәтиже көрсетті. Ол бес картада қарсылас ойыншыларды 85 рет жойып, осы көрсеткіш бойынша өз командасының үздігі атанды.

Қазақстандық киберспортшы FURIA құрамына 2025 жылы қосылған. Сол жылы да команда Thunderpick World Championship турнирінде жеңіске жеткен. Осылайша, FURIA аталған турнирде екінші жыл қатарынан чемпион атанды.

Жеңімпаздар қанша ақша алды?

Thunderpick World Championship 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрады. Бірінші орын алған FURIA командасына 500 мың доллар берілді. Ал финалда жеңілген BetBoom Team 250 мың доллар сыйақы иеленді.

Сондай-ақ оқыңыз