Көшеде көлігінің бүйірінде кабель салбырап жүрген бойжеткен күлкіге қалды

Ташкентте BYD көлігін тізгіндеген бойжеткен қуаттау станциясынан кабельді ажыратуды ұмытып, жүріп кеткен, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Көшеде көлігінің бүйірінде кабель салбырап жүргенін де байқамаған. Бұл күлкілі оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Мұны байқаған өзге жүргізушілер оған ескертуге тырысқан. Алайда бойжеткен оларды танысқысы келген жігіттер деп түсініп, қолындағы неке жүзігін көрсеткен. Осылайша өзінің тұрмыста екенін білдірген.
Қазақстандық оқырмандар да кезінде осындай күлкі оқиғаға тап келгенін айтып жатыр.
«Осындай әйелдер бәрі маған ғашық деп ойлайды. Сәл болса да, «не айтып тұр» деп сөзді түсінсе қайтеді. Бір әйелге дөңгелегіңде жел жоқ деп айтайын десем, саусағын көрсеткен», – деп күлді бір жүргізуші.
«Мен де бір оқиға болған. Моншадан келе жатсам, аялдамада тұрған жігіттер назарымды бұрмақ болды. Өзімше болып, қарамай кетіп бара жатсам: «Жөкеңіз түсіп қалды» деп біреуі айқайлады. Ұялғанымнен жерге кіріп кете жаздадым», – деп жазды Мөлдір Нұрланова есімді оқырман.
Айта кететін жайт, бұған дейін Көкшетауда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен еді.