ШЫҰ елдерімен ұлттық валютадағы төлемдер 70%-ға жуықтады

Жарияланды
Қазақстан ШЫҰ елдерімен сауданы кеңейтпек/ үкімет

Қазір Қазақстанның ШЫҰ елдерімен халықаралық төлемдерінде ұлттық валюталардың үлесі 70%-ға жуық.. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media. 

Оның айтуынша, Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуға және өңірлік жасанды интеллект хабын қалыптастыруға басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар Digital Qazaqstan стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр.

«Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру аясында біз озық цифрлық экономика мен өңірлік жасанды интеллект хабын құру ісін қолға алдық. Тек соңғы 5 жылда біздің IT-қызметтер экспорты 34 есе өсіп, 1,1 млрд долларға жетті», – деді Бектенов.

Премьер-министр қазақстандық IT-шешімдердің бәсекеге қабілеттілігі артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің цифрлық қызметтерді дамытудағы тәжірибесін ШЫҰ кеңістігінде кеңінен ұсынуға ниетті екенін жеткізді.

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдермен сауда жасауды жеңілдетіп, өзара байланысты нығайтуды көздеп отыр.

Қазір елдің ШЫҰ мемлекеттерімен халықаралық төлемдерінде ұлттық валюталардың үлесі 70%-ға жуық. Яғни, сауда кезіндегі есеп айырысудың басым бөлігі доллар немесе еуроның орнына қатысушы елдердің өз валюталарымен жүргізіледі.

Сонымен қатар Қазақстан көлік бағыттарын дамытуға басымдық беріп отыр. Атап айтқанда, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын басқа халықаралық көлік дәліздерімен байланыстыру, теңіз және құрлық порттарын жаңғырту ұсынылды. Ал Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалын жылына 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

Бұдан бөлек, ШЫҰ елдері цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Қазақстан осы бағыттардағы тәжірибесімен бөлісіп, бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі.

Тағы да оқыңыз: Үкімет 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жоспарын бекітті

Сондай-ақ оқыңыз