Криштиану Роналду қарашада Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Криштиану Роналду заявил, что считает себя лучшим футболистом в истории, и рассказал, как соперничество с Лионелем Месси мотивировало обоих.
фото: instagram

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду қараша айында өтетін Ұлттар лигасының матчтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Футболшының 30 күндік дисквалификация мерзімі ұлттық құраманың келесі ойынына дейін аяқталады, деп хабарлайды Kursiv Media танымал инсайдер Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Романоның мәліметінше, Роналду Португалия құрамасының 14 және 17 қарашаға жоспарланған Ұлттар лигасындағы кездесулеріне қатыса алады.

Бұған дейін 30 қыркүйекте болған оқиғаға байланысты португалиялық футболшы 30 күнге ұлттық құрамадан шеттетілген еді. Алайда бұл мерзім қарашадағы халықаралық үзіліске дейін аяқталады.

Осылайша, Роналдудың алдағы кездесулерге қатысуына тәртіптік жазасы кедергі болмайды.

Роналдудың құрамаға шақырылуы бапкерге байланысты

Дегенмен 41 жастағы шабуылшының Португалия құрамасына оралатыны әзірге нақты шешілген жоқ.

Фабрицио Романоның хабарлауынша, футболшыны Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчтарға шақыру-шақырмау туралы шешімді бас бапкер Жорже Жезуш қабылдайды.

Бұл мәселе ұлттық құраманың алдыңғы халықаралық үзілісі кезінде қоғам назарын аударған келіспеушіліктен кейін өзекті бола түсті.

Португалия құрамасының келесі ойындары 14 мен 17 қараша күндері өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз