«Хайп жасама»- Гүлзира Айдарбекова Назгүл Сәтбаеваға ескерту жасады

Жарияланды 21 Қазан 2026 09:32

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Кәсіпкер, бизнес жүргізу туралы кітаптың авторы Назгүл Сәтбаева шоу-бизнес өкілдерінің кәсібі туралы пікір білдірді, деп жазады Kursiv.Media.

Оның пікірінше, шоу бизнес өкілдері ашқан салондар мен дүкендерде қызмет көрсету деңгейі өте төмен.

«Қайрат Нұртастың мамасы Гүлзира Айдарбекованың дүкенінде болдым. Жазира Байырбекова салонын көрдім. Аша Матай да бар. Айта берсең, өте көп. Кітапта да кейбір салондарды жаздым. Қазақстанның шоу бизнесі адамдарының 99 пайызына – ол жерге қайта бармаймын. Сервис нөл. Сулы майлықтар (шашылып) жатады. Ол адамдар атына сенеді. Аудиториясына сенеді. Мықты маман алуды ойламайды», – деп пікір білдірді Назгүл Сәтбаева.

Назгүл Сәтбаева шындыққа ешкім ренжімеуге тиіс екенін де айтқан. Салон болсын, дүкен болсын, ресторан болсын — кез келген бизнестің артында мықты директор, администратор немесе басқарушы тұруы керек. Өйткені бизнестің деңгейі тек қызметке немесе өнімге емес, оны басқарып отырған адамның кәсібилігіне де байланысты.

Назгүл Сәтбаеваның бұл пікіріне Гүлзира Айдарбекова бірден жауап берді.

«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» дегендей, ақылшы болып елді таңғалдырып, атағы бар адамдардың артынан сөйлеп, хайп жинап, подписчик көбейтпей ақ қойшы. Біздің дүкеннің тазалығындай дүкен ашып, жасап көр алдымен. Осы мін іздеп, тырнақ астынан кір тауып отыратындардан қалдық қой», – деді ол.   

Гүлзира Айдарбекова Назгүл Сәтбаеваға өзінің анасының іскерлігімен немесе өз ісімен мақтануға шақырды.

Айта кететін жайт, Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз