Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақтөбе қаласының прокуратурасының мәліметінше, жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер учаскелерін заңсыз беру және заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалмау фактілерін анықталды.

«Жер учаскелерінің белгіленген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде міндетті конкурстық рәсімдер өткізілмей берілгені анықталды. Сонымен қатар, жалдау шарттары жарамсыз деп танылғаннан кейін жерлерді мемлекетке қайтару бойынша уақтылы шаралар қабылданбаған», – делінген өңірлік прокуратураның ақпаратында.

Прокурорлық қадағалау шаралары барысында жалпы ауданы 94 гектардан асатын, құны 1,7 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған.

Айта кететін жайт, БҚО-да 6 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Сондай-ақ оқыңыз