Ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы шешуші ойынға Сәтбаевты шақырды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Дастан Сатпаев впервые более чем за месяц сыграл за «Бернли». Казахстанец вышел на 74-й минуте матча с «Уотфордом», который завершился со счетом 4:0.
Ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы шешуші ойынға Сәтбаевты шақырды / Фото: Бёрнли

Англиялық «Бёрнли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Ұлттар лигасының шешуші матчтарына дайындалатын Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип Молдова және Словакия құрамаларына қарсы алдағы ойындардың кеңейтілген тізіміне 38 футболшыны шақыру туралы шешім қабылдады.

Алдыңғы матчтардан айырмашылығы, бұл жолы құрамға Дастан Сәтбаев пен Бірінші лиганың «Шахтер» командасынан Артём Литош қосылды.

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының кеңейтілген тізімі:

  • Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).
  • Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит»,Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Владислав Васильев («Окжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).
  • Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі де – «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов (барлығы – «Астана»), Әбінұр Нұрымбет, Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов (барлығы – «Ордабасы»).
  • Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де – «Қайрат»), Дастан Сәтбаев («Бёрнли», Англия), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәримов («Астана»), Артём Литош («Шахтер»).

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасының алдында Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы екі матчы тұр. 13 қарашада команда сырт алаңда Молдова құрамасына қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.

Алғашқы төрт ойында Қазақстан құрамасы бірде-бір жеңіске жете алмады: команда Фарер аралдарымен екі рет тең түсіп, Молдоваға (үйде) және Словакияға (қонақта) есе жіберді. Соған қарамастан, қазақстандықтардың дивизионда жоғарылауға деген теориялық мүмкіндіктері әлі де сақталып отыр.

Айта кетейік, Дастан Сәтбаев бұған дейін жарақатынан кейін алаңға оралып, «Уотфордқа» қарсы кездесуде қосалқы құрамнан ойынға қосылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз