Таңғы дайджест: мұнай бағасы шарықтап, теңге нығайды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: Kursiv Media

Kursiv Media өткен күннің нарықтағы басты өзгерістері мен экономикадағы маңызды жаңалықтарын бір жерге жинады. Теңге бағамы, мұнай, алтын, Bitcoin, KASE акциялары мен әлемдік индекстердің қозғалысын қысқаша шолып, кеше жарияланған негізгі материалдарды ұсынамыз. Сәрсенбінің басты жаңалықтары мынадай:

21 қазанда теңгенің нығаюы жалғасты: KASE-дегі күндізгі саудада доллардың орташа сараланған бағамы 448,60 теңгеге түсіп, бір күнде 1,91 теңгеге арзандады. KASE индексі керісінше 1,04% өсіп, 7 899,96 тармаққа жетті. Индекс құрамындағы Қазатомөнеркәсіп (KZAP) 2,41%, ҚазТрансОйл (KZTO) 2,28%, Банк ЦентрКредит (CCBN) 1,97% қымбаттады.

НАРЫҚТАР

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

Валюта, шикізат, криптовалюта және қор нарығы

СОҢҒЫ ЖАБЫЛУ 21 ҚАЗАН 2026
USD / KZT
448,60 ₸
▼ 1,91 ₸ KASE · 15:30
АЛТЫН
$4 140
▲ 0,44% XAU/USD
BRENT
≈ $110
▲ баррель
BITCOIN
$84 558
▲ 2,41% BTC/USD
KASE ИНДЕКСІ
7 899,96
▲ 1,04% Қазақстан
S&P 500
7 757,17
▲ 0,58% АҚШ
NASDAQ
26 702,86
▲ 1,05% Composite

Қор нарығы

KASE акциялары · 21 қазан
KZAP Қазатомөнеркәсіп
28 060 ₸
+2,41%
KZTO ҚазТрансОйл
1 389,98 ₸
+2,28%
CCBN Банк ЦентрКредит
5 578 ₸
+1,97%
KSPI Kaspi.kz
42 099 ₸
+1,93%
KZTK Қазақтелеком
44 869,90 ₸
+1,17%
AIRA Air Astana
686 ₸
+1,03%
KEGC KEGOC
1 444,50 ₸
+0,31%
KMGZ ҚазМұнайГаз
35 821 ₸
+0,06%
HSBK Halyk Bank
370,95 ₸
−0,02%
KCEL Kcell
3 164 ₸
−0,30%

СӘРСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

Экономика, қаржы және бизнес
21 ҚАЗАН 2026
01
ТЕҢГЕ

Доллар 449 теңгеден төмендеді

KASE-дегі күндізгі саудада доллар 448,60 теңгеге дейін арзандап, теңге екі күн қатарынан нығайды.

ОҚЫҢЫЗ
02
ЗЕЙНЕТАҚЫ

Жеке басқарушыларға аударылған зейнетақы ақшасы 5 есе өсті

Қыркүйекте қазақстандықтар жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға 58,3 млрд теңге аударды.

ОҚЫҢЫЗ
03
САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру компанияларының пайдасы екі есе қысқарды

Сектордың таза пайдасы 88,7 млрд теңгені құрап, салыстырмалы кезеңде 53,6% төмендеді.

ОҚЫҢЫЗ
04
БЮДЖЕТ

НЗМ-ге бюджеттен 43,4 млрд теңге бөлінеді

2026 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі мемлекеттік білім беру тапсырысына 43,398 млрд теңге жоспарланған.

ОҚЫҢЫЗ
05
АЛТЫН

Қазақстанда алтын өндірісі 11% төмендеді

Тоғыз айда өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндірісі 84,7 тоннаға дейін азайды.

ОҚЫҢЫЗ
06
ЗЕЙНЕТАҚЫ

Зейнетақы жинағынан өмір бойы төлем алуға болады

Сегіз айда зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру төлемдері 81,5 млрд теңгеге жетті.

ОҚЫҢЫЗ
07
БИЗНЕС

Рақышев Shoqan мектебіндегі 91% үлесін сатты

Fincraft Group мектеп акционерлері қатарынан шығып, 91% үлес Әсел Тасмағамбетованың иелігіне өтті.

ОҚЫҢЫЗ
08
ИНВЕСТИЦИЯ

Қазақстанда 3 800-ден астам түрік кәсіпорны жұмыс істейді

Түрік құрылыс компаниялары Қазақстанда жалпы құны $30 млрд болатын 500-ден астам жобаны жүзеге асырған.

ОҚЫҢЫЗ
09
СЫРТҚЫ САУДА

Қазақстан мен Өзбекстан кеден өкілдіктерін ашады

Екі ел кедендік ақпарат алмасуды жеделдетіп, шекарадағы сауда мен жүк өткізу рәсімдерін жеңілдетпек.

ОҚЫҢЫЗ
10
КЕДЕН

Қазақстан мен Пәкістан кедендік ақпарат алмасады

Жаңа келісім контрабандаға қарсы күресті күшейтіп, тауарларды шекарада тексеру рәсімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

ОҚЫҢЫЗ

АҚШ-та технологиялық сектор қайта өсті: S&P 500 0,58% көтеріліп, 7 757,17, Nasdaq Composite 1,05% өсіп, 26 702,86 тармақпен жабылды. Нарыққа технологиялық компаниялардың есептері қолдау көрсетті. Алтын 21 қазанда шамамен $4 140, Bitcoin $84,6 мың маңында жабылды. Brent күн ішінде $110-нан асып, Таяу Шығыстағы жеткізілім тәуекелдерінің ықпалында қалды.

Сондай-ақ оқыңыз