Дастан Мұқашбеков Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
"Оштрафовать ветер!": порванный флаг в Усть-Каменогорске рассмешил казахстанцев
фото: shutterstock

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер Дастан Мұқашбеков пен Илья Залезняк Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында жүлдегер атанды. Екі спортшы да ядро серпуден бақ сынап, ел қоржынына күміс және қола медаль салды, деп хабарлайды Kursiv Media.

22 қазанда Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан құрлықтық додада F36 класында ядро серпуден жарыс өтті. Қазақстандық Дастан Мұқашбеков 15,47 метр нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді.

Бұл көрсеткіш Дастанның биылғы маусымдағы ең үздік нәтижесі болды.

Алтын медальді Өзбекстан өкілі Баротжон Бахтиеров жеңіп алды. Ол ядроны 15,98 метрге серпіп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Осы сайыста Қазақстанның тағы бір өкілі Илья Залезняк та жүлдеге қол жеткізді. Ол 12,71 метр нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді.

Осылайша, F36 класындағы ядро серпу сайысында жүлделі үш орынның екеуін қазақстандық спортшылар жеңіп алды.

Айта кетейік, V Азия Пара ойындары Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында 18–24 қазан аралығында өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз