Республика күніне орай Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: gurk.kz

Астаналықтар алдағы демалыс күндері Қарағанды және Қостанай облыстарының өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып ала алады. 24-25 қазанда Республика күніне орай елордада өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Екі өңір жәрмеңкеге жалпы көлемі мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімін жеткізеді.

Қарағанды облысы қандай өнімдер әкеледі

Өңірден Астанаға 583 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде:

  • картоп – 310 тонна;
  • еттің барлық түрі – 134,7 тонна;
  • көкөніс – 80 тонна;
  • сүт өнімдері – 15 тонна;
  • балық – 7,5 тонна;
  • бакалея өнімдері – 36 тонна;
  • тауық жұмыртқасы – 310 мың дана.

Қостанай облысы қандай өнім ұсынады

Қостанай облысы 400 тоннадан астам өнімнің 100-ден аса түрін әкеледі. Атап айтқанда:

  • еттің әр түрі – 49 тонна;
  • сүт өнімдері – 31 тонна;
  • шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;
  • жарма және макарон өнімдері – 30 тонна;
  • картоп пен көкөніс – 90 тонна;
  • ұн – 40 тонна;
  • нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және басқа да тауарлар.

Жәрмеңкеге екі облыстан 140-тан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен кәсіпорын қатысады.

Ұйымдастырушылардың мақсаты – елорда тұрғындарына сапалы азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну, отандық өндірушілерді қолдау және тауарды делдалсыз, тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік жасау.

Жәрмеңке қайда өтеді

Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында ұйымдастырылады. Жәрмеңке екі күн бойы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Тұрғындар мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынайды.

Тағы да оқыңыз: Республика күні: Астанада концерттер қайда өтеді және кімдер өнер көрсетеді

Сондай-ақ оқыңыз