Зейнетақы активтерінің 9 айдағы табысы қанша: қай компания тиімді басқарып отыр

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
АФМ задержало организатора по делу вывода средств из ЕНПФ
Фото: .kursiv.media архиві

Зейнетақы активтерін басқаратын компаниялардың 2026 жылдың 9 айындағы инвестициялық қызмет нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жеке басқарушы компаниялар арасында «Сентрас Секьюритиз» АҚ ең жоғары көрсеткішке (11,87%) қол жеткізсе, «Tansar Capital» АҚ өз активтері бойынша инвестициялық шығынға ұшырап, көрсеткіші минусқа кетті.

Ұлттық Банк қанша табыс тапты

2026 жылдың 1 қазанында Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 26,6 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бергі инвестициялық қызмет, сондай-ақ шетел валюталары бағамының құбылуы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені құрады. Салымшылардың зейнетақы шоттарына бөлінген кірістілік 2,91% болды.

Айта кету керек, қысқа мерзімдегі кірістілік басқару тиімділігін толық көрсете алмайды. Өйткені қысқа уақыт ішінде алынған сыйақы түріндегі түсімдер бағалы қағаздар бағасы мен валюта бағамының ауытқуын ылғи жаба бермейді.

Соған байланысты инвестициялық кірісті ұзақ мерзім үшін талдаған дұрыс. Соңғы 12 айда (2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін) есептелген инвестициялық кіріс көлемі 706,33 млрд теңгеге, ал осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ға жетті

Ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы активтері 1,4 трлн теңгені құрады. Оны да Ұлттық банк басқарады.

Жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс көлемі 139,39 млрд теңге болып, кірістілігі 13,45%-ды құрады. Ал соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс көлемі 173,20 млрд теңгеге жетіп, кірістілік 19,15%-ды құрады.

Tansar Capital табыс таппады

«Tansar Capital» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 1,9 млрд теңгеге тең.. Инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық шығын көлемі -17,29 млн теңгені құрады.

Компания зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылдың 8 сәуірінде бастаған болатын. Басқару басталғаннан бергі зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,00%-ды құрады.

BCC Invest 1,1 млрд теңге пайда алған

Қазіргі кезе «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 29,6 млрд теңгеге жеткен. Инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген кіріс көлемі 1,1 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері 7,59%-ды, ал соңғы 12 айда (2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін) 8,75%-ды құрады. Есептелген кірістің басым бөлігі бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға, соның ішінде кері РЕПО операцияларына тиесілі.

Halyk Global Markets 62 млрд теңге активті басқарады

«Halyk Global Markets» енімгерлік басқаруындағы активтер – 62 млрд теңге. Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс көлемі 466,44 млн теңге болды.

Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2026 жылдың басынан бері 5,82%-ды, ал соңғы 12 айда 7,92%-ды құрады.

Сентрас Секьюритиз ең жоғары табыс алған

2026 жылғы 1 қазанда «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 43,8 млрд теңгені құрады.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс көлемі 1 ,14 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2026 жылдың басынан бері 11,87%-ды, ал соңғы 12 айда (2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін) 13,95%-ды құрады.

Halyk Finance 7,41% табыс алды

2026 жылғы 1 қазанда «Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 91,9 млрд теңгеге жетті.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2026 жылы есептелген инвестициялық кіріс көлемі 4,6 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы активтерінің кірістілігі 2026 жылдың басынан бері 7,41%-ды, ал соңғы 12 айда (2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін) 8,22%-ды құрады.

«Alatau City Invest» АҚ

2026 жылғы 1 қазанда «Alatau City Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 32,7 млрд теңгені құрады. Оған 897,80 млн теңге инвестабыс есептелген. Зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері 5,69%-ды, ал соңғы 12 айда (2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін) 9,46%-ды құрадыә

Компания атауыБасқаратын активі (млрд ₸)Жыл басынан бергі кіріс/шығынЖыл басынан бергі табыстылығы (%)Соңғы 12 айдағы табыстылығы (2025 ж. қазан – 2026 ж. қыркүйек)(%)
Ұлттық Банк (МЗЖ)26 633,2766,3 млрд ₸2,9%2,6%
Ұлттық Банк (ЖБМЗЖ)1 428,3139,4 млрд ₸13,5%19,2%
«Halyk Finance» АҚ91,94,6 млрд ₸7,4%8,2%
«Сентрас Секьюритиз» АҚ43,81,1 млрд ₸11,9%14,0%
«Alatau City Invest» АҚ32,7897,8 млн ₸5,7%9,5%
«BCC Invest» АҚ29,61,1 млрд ₸7,6%8,8%
«Halyk Global Markets» АҚ6,2466,4 млн ₸5,8%7,9%
«Tansar Capital» АҚ1,9-17,3 млн ₸0,0%көрсетілмеген

Қыкүйек айынан зейнетақы жинағының 100 пайызына дейін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беруге рұқсат етілген. Осы мүмкіндікті азаматтар пайдаланып жатыр.

Бір айда зейнетақы активтерін жеке компанияларға сеніп тапсырғандар қатары бес есе өсті. Қазір инвестициялық басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы қаржысы 206 млрд теңгеге жетті. Бір ай бұрын ол 150 млрд теңгеден сәл асатын.

Сондай-ақ оқыңыз