Рыбакинаның өзбекстандық теннисшіге қарсы матчы мерзімінен бұрын аяқталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина начала защиту титула на турнире Ningbo Open-2026
Рыбакинаның өзбекстандық теннисшіге қарсы матчы мерзімінен бұрын аяқталды / Фото: WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтинг көшбасшысы мәртебесіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Нинбодағы (Қытай) WTA 500 сериялы турнирінің екінші айналымында Рыбакина өзбекстандық Полина Кудерметоваға қарсы алаңға шықты. Қазақстандық теннисші 5:0 есебімен алда келе жатқанда, қарсыласы денсаулығына байланысты ойынды әрі қарай жалғастыра алмайтынын мәлімдеді. Ойын 33 минутқа ғана созылды.

Матч аяқталған соң, Рыбакина көз жасына ерік берген қарсыласын құшақтап, қолдау білдірді.

Келесі айналымда Рыбакина әлемнің үздік теннисшісі польшалық Катарина Каваға қарсы ойнайды. Ол Нинбодағы турнирдің қазіргі чемпионы.

Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейінгі алғашқы матчында Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің бастапқы кезеңінде армениялық Алина Чараевадан ұтылып қалған еді. Осы кездесуден кейін қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты жарыстардан уақытша үзіліс алатынын хабарлап, Уханьдағы WTA 1000 турнирінен бас тартты.

Сондай-ақ оқыңыз