Қазақстан БҰҰ бас хатшысы лауазымына Лана Нусейбенің кандидатурасын қолдады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
СІМ
Қазақстан БҰҰ бас хатшысы лауазымына Лана Нусейбенің кандидатурасын қолдады / Фото: Kursiv.Media

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің Лана Заки Нусейбені БҰҰ Бас хатшысы лауазымына ұсыну бастамасын құптайды әрі қолдайды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Лана Заки Нусейбе — БАӘ Сыртқы істер мемлекеттік министрі және елдің БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі.

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғауда БҰҰ тиімділігін арттыруға қатысты күтулер өсіп жатқан жағдайда Бұрынғыдай БҰҰ Бас хатшысын сайлау халықаралық қоғамдастықтың ерекше назарын аударып отыр. Сайлау процесі Қауіпсіздік Кеңесінде консенсусқа жетудегі белгілі бір қиындықтармен қатар жүруде, бұған бейресми дауыс берудің алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері дәлел. Осыған байланысты Қазақстан кандидаттар аясының кеңеюін құптайды және мұны конструктивті диалогты жалғастыру мен өзара қолайлы шешім іздеудің қосымша мүмкіндігі ретінде қарастырады», – делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

СІМ өкілдері Қазақстан халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуды, оның қызметінің тиімділігін арттыруды және жаһандық сын-қатерлерге әрекет етудің көпжақты механизмдерін жетілдіруді жүйелі түрде жақтайтынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі ағымдағы жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, келесі Бас хатшыны сайлау сессияның айқындаушы оқиғаларының біріне айналады. Қазақстан БҰҰ Жарғысына толық сәйкестікте ашық, инклюзивті және кандидаттардың кәсіби еңбегіне негізделген іріктеу процесін қолдайды», – деп еске салды ведомство.

Айта кетейік, осыған дейін БҰҰ әлемдік экономиканың өсім болжамын 2,6 пайызға көтерген еді.

Сондай-ақ оқыңыз