ШҚО-да қар құрсауында қалған электр желісінің 7 маманы құтқарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ШҚО-да қар құрсауында қалған электр желісінің 7 маманы құтқарылды / Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райының салдарынан жолда қалған энергетика компаниясының қызметкерлері аман-есен қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Төтенше жағдай Күршім ауданына қарасты Құйған ауылдық округінің Татарка учаскесінде орын алған. Жоспарлы жұмыспен жолға шыққан электр желісінің 7 маманы мінген екі көлік қалың қарға батып жолда қалған.

Хабар түскен бойда арнайы техникамен оқиға орнына жеткен құтқарушылар мамандарды жақын елдімекенге жеткізді. Барлығы аман, медициналық көмек қажет болған жоқ

ТЖМ алыс жолға шықпас бұрын ауа райының өзгерістерін үнемі қадағалауды, дауылды ескертулер жарияланғанда алыс жолға шықпауды, қыс мезгілінде жолға шығар алдында құтқару қызметінің ұсынымдарын қатаң сақтауды ескертті.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы маңында Іле Алатау сілемдерінде жарақат алған екі ресейлік альпинист Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тікұшағымен  құтқарылды.

Сондай-ақ оқыңыз