Мысыр Қазақстаннан баратын туристерге елге кіру тәртібін жеңілдетті

Жарияланды 23 Қазан 2026 10:49

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
фото: shutterstock

Мысыр Қазақстаннан баратын туристер үшін елге кіру шарттарын жеңілдетті. Бұл туралы елдің cыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Мысыр Араб Республикасының cыртқы істер министрі Бадр Абдельаттидің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды KursivMedia.

Мысыр Орталық Азиядан баратын туристерге қосымша визалық талаптар қояды. Кездесуден кейін Қазақстан осы тізімнен алынып тасталды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл шешім қазақстандық туристердің Мысырға кіру шарттарын жеңілдетуге және екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға бағытталған.

Бұдан бөлек келіссөз барысында 2006 жылдың 7 қарашасындағы дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы хаттамаға қол қойылды. Құжат Қазақстан мен Мысырдың жарамды дипломатиялық паспорттары бар азаматтарына визасыз режимді қолдануды көздейді.

Айта кетейік, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мысырға кіру визасының құны қымбаттайды. Бір реттік визаның базалық бағасы 30 доллардан 33 долларға өседі.

Сондай-ақ оқыңыз