Талғат Мұсабаевқа «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілді

Жарияланды 23 Қазан 2026 10:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

«Астана Опера» театрының опера труппасының директоры, белгілі опера әншісі Талғат Мұсабаев «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие болды, деп хабарлайды Kursiv Media Ақордаға сілтеме жасап.

Өнер иесіне жоғары мемлекеттік атақ 23 қазанда, Республика күні қарсаңында берілді.

Талғат Мұсабаев – баритон дауысты опера әншісі. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның опера өнерінің дамуына үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасына жетекшілік етеді.

Әнші 1978 жылы 8 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Шығармашылық жолында отандық опера театрларының сахнасында өнер көрсетіп, классикалық және ұлттық опералардағы басты партияларды орындаған. Оның репертуарында «Абай» операсындағы Абай, «Біржан – Сара» операсындағы Жанбота сияқты рөлдерімен танымал.

Талғат Мұсабаев 2009 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған. Ал 2019 жылы өнер саласындағы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Айта кетейік, «Қазақстанның халық әртісі» – мәдениет пен өнер саласында ерекше еңбек сіңірген азаматтарға берілетін жоғары құрметті атақ. Оны беру 1999 жылы тоқтатылып, 2023 жылы қайта жаңғыртылған болатын.

Оқи отырыңыз: Республика күніне орай бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз