Астанадан Татарстанның Қазан қаласына тікелей рейс ашылады
Жарияланды

Ресейлік Nordwind әуе компаниясы 27 қазаннан бастап Астана – Қазан рейсін іске қосады, деп хабарлайды KursivMedia.
Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 ұшағымен орындалады.
«Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан астанасы мен Ресейдің ірі мәдени, білім беру және іскерлік орталықтарының бірі саналатын Қазан қаласы арасындағы мүмкіндіктерді арттырады», – деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі.
Жолаушылар Қазаннан Астанаға және Астанадан Қазанға тікелей рейстермен ұша алады.
Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейстері 2027 жылы ашылуы мүмкін. Қазір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы мен Қазақстан астанасын байланыстыру қарастырылып жатыр.