Бақыт Тұрманға мүшеқап өндірушілер қолқа салды

Жарияланды 23 Қазан 2026 15:50

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/bakyt_turman, бильд-редактор: Дастан Шанай

Әнші Бақыт Тұрманға мүшеқап өндірушілер қолқа салып, өнімін жарнамалауға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әншінің айтуынша, бұған ер азаматтарға ұрығын бекер шашпауға шақырған әңгімесі түрткі болған.

Өндірушілер жарнамасы үшін сатылымның пайыздары, тұрақты ақы және басқа да форматта ынтымақтастық жасауды ұсыныпты. Сонымен қатар, Бақыт Тұрманның жеке талабы туралы да сұрған.

Әнші бұл ұсынысты қабыл алған-алмағаны туралы ләм-мим демеген. Тек әзілге бұрған.

«Мынадай қатты әңгіменің әсері. Тек бұл дүние маған емес, ұрығын оңды-солды шашқандарға керек болып тұр-ау. Бизнес ашып жіберсем бе екен?» – деп жазды ол.

Мұның алдында әнші Бақыт Тұрман ер-азаматтарға ұрықтарын айдалаға шаша бермеуге кеңес берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз