Доллар бағамы: аптаның соңындағы бетбұрыс

19–23 қазан аралығында доллардың ресми бағамы 452,12 теңгеден 450,70 теңгеге түсті. Апта ортасында теңге нығайғанымен жұмадағы көрсеткішке назар аударсақ ұлттық валюта долларға бағамы қайта әлсіреді.
Базалық мөлшерлеменің әсері ме?
Ұлттық банк 23 қазанда базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті. Бұл шешім теңгеге әлсіреу бағытында қысым жасауы мүмкін: мөлшерлеме төмендеген сайын теңгелік қаржы құралдарының күтілетін кірістілігі азайып, долларға сұраныс артуы ықтимал.
Дегенмен, бағам қозғалысын тек осы шешіммен байланыстыруға әлі ерте. Нарық төмендеуді алдын ала күткен болуы мүмкін, ал күн ішіндегі валюта сұранысы мен ұсынысы оның әсерін күшейтуі немесе бәсеңдетуі ықтимал. Сондықтан мөлшерлеменің ықпалын нақты бағалау үшін шешімге дейінгі және кейінгі KASE саудасын салыстыру қажет.