«Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жағдайы туралы айтты

Англияның «Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен Дастан Сәтбаевтың жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Аmanvibe ақпаратына қарағанда, жарақатынан кейін ойыншы әзірге алаңда толық матч өткізуге дайын емес.
«Дастан жарақат алып қалды. Ол біздің команда үшін өте маңызды ойыншы. Қазір ол алаңда шамамен 30 минут қана ойнай алады. Оның жылдамдығы жоғары, энергиясы мол және ойын қарқыны жақсы. Жеке шеберлігінің арқасында матчтың нәтижесіне ықпал ете алады. Сондықтан оның команда ойынына қосатын үлесі өте маңызды», – деді бапкер.
Ники Хайеннің айтуынша, жақын арада ол алаңда 30 минуттан ұзақ ойнай алады. Бапкер оны алдымен 45 минуттан ойнатпақ. Кейін 60 минутқа дейін жеткізеді. Содан соң толық матч өткізуге мүмкіндік беретін деңгейге жетеді.
«Мұндай жағдайда, әсіресе жанкүйерлердің көңілі толмай жүрген кезде, алаңға шығу оңай емес. Егер ойын жоспарын ұстанбай, асығыс әрекет етіп, оқиғаны жеделдетуге тырыссаң, жағдай одан әрі қиындай түседі. Дегенмен, Дастанның жақсы қасиеттері көп. Оның өз деңгейін қайта көрсетіп, командаға пайдасын тигізетініне сенімдімін», – деген бапкер.
«Бернли» келесі матчын 24 қазанда «Линкольнге» қарсы өткізеді.
Дастан Сәтбаев ағылшындық «Бернли» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында командадағы алғашқы әсерлерін айтып берген еді.