TikTok-та балағат сөз айтқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
tiktok, chile, smartphones
Фото: Pixabay.com

Атырауда TikTok-та балағат сөз айтқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қазанда әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде кәмелетке толмаған қыз балағат сөздер айтқан.

«Осы дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ балаларды тәрбиелеуге ата-аналар мен заңды өкілдері жауапты екенін еске салады. Олар балаларының мінез-құлқына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне ерекше назар аударуы қажет.

Бұған дейін Алматы облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз