«Жұмабектің інісі»: Кәсіпкер құлағынан шерткен жүргізушімен кездесті

Жарияланды 23 Қазан 2026 19:37

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
«Жұмабектің інісі»: Кәсіпкер құлағынан шерткен жүргізушімен кездесті / Фото: Instagram

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұл құлағынан шерткен жүргізуші Нұрбек Саламатовпен кездесіп, ізгі ниет тілегін білдірген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Құлақтан теуіп кететін ағаларға қарағанда құлағыңнан шертіп кететін аға мың есе артық па деп қоям. Жұмабек аға кездесуге шақырып ағалық құрметін көрсетті! Інім сенің дұрыс түсінгеніңе қуаныштымын, інінің құлағынан шерту қоғамда осылай талқыланатынын білмеппін, әйтпесе мен өзімнің інілерімнің құлағынан шертпек түгілі беттерінен де тістеп қоямын, өзіме жақын тартқасын жақсы көргесін деп күлді», – деп жазды жүргізуші.

Саламатов кәсіпкермен бірге түскен суретін жариялап, екеуінің бір-біріне ізгі тілек айтып, әңгіме-дүкен құрып, тарқасқандарын атап өтті,

«Жұмабектің бажасы емес енді Жұмабектің інісі деген сөз хит», – деп жазды жүргізуші.

Айта кетейік, осыған дейін «Заманбек» фильмінің жабық көрсетілімінде кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың жүргізушіге жасаған әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Ол жұбайы Динара Сәтжанды таныстырған жүргізушінің құлағынан шертіп, ескерту жасаған. Желі қолданушыларының бір бөлігі кәсіпкердің әрекетін ерсі көрген

Сондай-ақ оқыңыз