Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай ұйымдастырылған «Жаңа дәуір – жаңа белес» атты салтанатты мерекелік концертке барды, деп хабарлайды Kursiv.Media. 

Салтанатты шара «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Концерттік бағдарламада елімізге танымал өнер жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұған дейін 23 қазанда Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған еді. Президент 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның елдің дербес дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Биыл бұл мереке Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтілуде.

Бұдан бөлек, елордада мәдениет, өнер, әдебиет және медиа саласының 62 өкілі Президент атынан мемлекеттік марапаттарға ие болды. Марапатталғандар арасында «Астана Опера», «Қазақконцерт», Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория өкілдері, сондай-ақ БАҚ қызметкерлері мен ардагерлері бар. Марапаттау рәсімін Мәдениет министрі Арман Қырықбаев өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз