
Шығыс Қазақстан облысында «Алтай Альпілері» тау шаңғы курорты 24 қазанда қысқы маусымды бастайды.
«Қардың қалың жаууы беткейлерді белгіленген уақыттан ертерек дайындауға мүмкіндік берді. Қазір трассаларда қар тегістейтін машиналар жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады облыс әкімдігі.
Курорт әкімшілігінің мәліметінше, алғашқы сырғанау 24, 25 және 26 қазанға жоспарланған. Бұл – маусымның алдын ала ашылуы. Осылайша курорт 24 қазан сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. 25-26 қазанда таңғы 08:30-дан бастап ашылады.
Айта кетейік, Шымбұлақтағы аспалы жолдар профилактикалық жұмыстарға байланысты уақытша жабылды. Жоспарлы техникалық жұмыстар 12 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады.