Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия президентін құттықтады
Жарияланды
(жаңартылды )

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасының Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Ван дер Белленді және барша Аустрия халқын елінің басты мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар мемлекет басшысы Аустрия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Аустрия халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.