Алматы әуежайынан Алатау қаласына метро салынуы мүмкін

Жарияланды
Қазақ редакциясының шеф-редакторы
Алматы метро құрылысы Қалқаман станциясы
фото: Алматы әкімдігі

Алматы әуежайынан жаңа Алатау қаласындағы Iconic Complex кешеніне дейін жерасты метросы салынуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жобаның құрылысын бастауға арналған іс-шарада KursivMedia сауалына берген жауабында мәлім етті.

KursivMedia тілшісі кешен салынған соң көлік коллабсы болмауы үшін қандай жоспар барын сұраған.

Вице-премьердің сөзінше, жыл соңына дейін Алатау қаласының мастер-планына (бұрынғы бас жоспар – ред) қол қойылмақ. Сол жерде көлік жүйесі де қамтылады.

«Тек Iconic Complex-тің өзіне кіретін және шығатын 8 жол салынады. Сосын бізде жобада Алматы әуежайынан осы жаққа метро салу жоспары бар. Мүмкін ЛРТ салынады, мүмкін метро. Әлі шешім қабылдамадық, қарап жатырмыз. Келер жылдың қаңтарында белгілі болып қалатын шығар. Бәлкім әуежайдан бері қарай метро жер астымен келіп, Қонаевқа қарай жер үстімен кетіп қалатын шығар», – дейді ол.

Бүгін Alatau City-де Iconic Complex жобасының символдық іргетасы қаланды. Үкімет кешенді қаланың төлқұжатына айналатын жоба ретінде таныстырды.

Жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 1 млрд толлар қаражат кетуі мүмкін. Оның басым бөлігін жергілікті кәсіпкерлер бөлмек.

Сондай-ақ оқыңыз