Кореядан косметика әкелемін деп алдаған шетелдік Қазақстанда ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Что происходит на Назарбаева: полиция взяла под контроль 11 заведений в центре Алматы
Фото: коллаж kursiv.media

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері елде хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жерін анықтады. Сонымен қатар іздеуде жүрген 1 031 күдікті ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

ІІМ мәліметінше, ұсталғандардың қатарында Қарағандыда 401 млн теңгеден астам соманың мүлкін алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген 67 жастағы ер адам бар. Ол Астана қаласында ұсталды.

Бұдан бөлек, Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген 537 адам қолға түсті. Олардың қатарында 1,3 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 45 жастағы шетел азаматы бар. Ол Алматы қаласында ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, 2023 жылы Бішкекте ер адам Оңтүстік Кореядан косметикалық өнімдер жеткіземін деп уәде берген. Бірақ іс жүзінде жәбірленушінің ақшасын өзіне иемденген.

Министрлік сонымен қатар «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатқанын еске салды. 5 қазаннан бері полиция қызметкерлері 249 мыңға жуық тұрғын үйді тексеріп, тіркеусіз тұрған 9 мыңға жуық деректі анықтады. 7 189 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қауіпсіз үй» іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Астанада есірткі қосылған печенье сатқан интернет-дүкеннің қызметкерлері ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз