Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағы өртеніп, 32 адам құтқарылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock

Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағында өрт шығып, ғимарат ішіне түтін тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері іште қалған 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды. Оқиға Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде болған, деп хабарлайды Kursiv.media.

ТЖМ мәліметінше, тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында электр сымдары мен автокөлік шиналары өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.

«Өртті сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимараттан 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды», – деп хабарлады ведомство.

Құтқарушылар адамдарды қауіпті аймақтан шығарып, өртті толық сөндірді. Жалынның жылуынан төрт автокөлікке зақым келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Тағы да оқыңыз: Оралда көпқабатты үй өртенді – 12 адам эвакуацияланды.

Сондай-ақ оқыңыз