Қырғызстан облыс пен ауданды алып тастап, елді аймақтарға бөлмекші

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Қырғызстан / Қырғыз Республикасы
фото: shutterstock

Қырғызстанда әкімшілік-аумақтық реформа жүріп жатыр. Ел билігі барлық облыс пен аудандарды таратпақшы. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері бойынша мемагенттік директоры Элшібек Жантаев айтты деп жазады Kursiv Media.

Оның сөзінше, облыс пен аудандар жойылып, орнына аймақтар құрылады.

«Аймақтар – ауданнан үлкен, бірақ облыстан кіші. Қырғызстанда енді 40 аудан емес 20 аймақ болады. Әр облыстың өз әлеуеті бар. Мәселен, Ыстықкөл облысында оңтүстік пен солтүстікті атап өтуге болады. Жалал-Абад және Ош облыстарында да әлеуеті зор шағын аудандар баршылық. Міне, осы қағида бойынша оларды біріктіріп, кейін аймақтарға бөлеміз», – деді Жантаев.

Елдегі әкімшілік-аумақтық реформа 2023 жылы басталған. Оның аясында кейбір аудандардың шекарасы өзгерді, ал кей елдімекендер қалалар құрамына енді. Сол кезде президент Садыр Жапаров облыстар мен аймақтарды жойып, орнына 20 аймақ құрылатыны жайлы айтқан еді.

Қырғызстанның қазіргі әкімшілік-аумақтық құрамы Қазақстанға ұқсас. Елде жеті облыс және республикалық маңызы бар екі қала бар. Олар Баткен, Жалал-Абад, Ыстықкөл, Нарын, Ош, Талас және Шүй облыстары. Маңызы бар қала ретінде Бішкек пен Ош аталады. Әр облыс ауданға, әр аудан ауылдық округтерге бөлінген. Жалпы ел бойынша 40-тан астам аудан бар.

Оқи отырыңыз: Қырғызстандағы Жалалабад қаласының атауы Манас деп өзгереді

Сондай-ақ оқыңыз