
Apple компаниясы жаңа iPhone Duo смартфондарының бірқатарынан ішкі дисплейге қатысты ақау анықталғанын растады. Компанияның мәліметінше, ақау аз ғана құрылғыдан анықталған. Бұл туралы Kursiv LifeStyle 9to5Mac басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Apple компаниясы мұндай мәселеге тап болған пайдаланушыларға AppleCare қолдау қызметіне жүгінуді ұсынды.
«Біз iPhone Duo құрылғыларының аз ғана бөлігінде ішкі дисплейге қатысты мәселе бар екенін білеміз. Егер пайдаланушылар осындай ақауға тап болса, құрылғыны ауыстыру үшін AppleCare қолдау қызметіне жүгінуі керек», – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Apple өкілдері бұл мәселе аталған модельдегі смартфондардың басым бөлігіне әсер етпегенін атап өтті.
Дисплей неге жарылуы мүмкін
iFixit мамандары ақаудың бірнеше ықтимал себебін атады. Соның бірі – смартфонның ішкі бөлшектері дисплейге шамадан тыс қысым түсіруі мүмкін.
Дегенмен экранның зақымдануына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Apple компаниясы жарықтардың пайда болу себебін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.
iPhone Duo смартфонының экранында осындай ақау байқалған құрылғы иелеріне Apple компаниясы AppleCare қолдау қызметіне хабарласып, смартфонды ауыстыруға өтініш беруді ұсынады.
Тағы да оқыңыз: Apple iPhone Duo смартфонын сатып алуға шектеу қойды.