Халықтың банктен алған кредиті бір айда 200 млрд теңгеге өскен

Қазақстан экономикасына берілген кредит көлемі 54,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Ұлттық банк дерегі бойынша, 2025 жылдың қыркүйегінен бері ел экономикасына берілген несие көлемі 13,7 пайызға артқан.
Бұл қарыздың 25,7 трлн теңгесі немесе 47,5 пайызы – бизнес мақсаттарына несие алған кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің үлесінде. Ал қалған 28,4 трлн теңге немесе 52,5 пайызы – қарапайым халыққа берілген несиелер.
«Экономикаға берілген несие» қатарына екінші деңгейлі банктер (Отбасы пен «Қазақстан даму банкін» қоса алғанда) емес, ипотекалық ұйымдар (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» мен «Экспресс Финанс» Ипотекалық ұйымы» ) мен квазимемлекеттік сектордың басқа субъектілері («Бәйтерек» холдингінің ұйымдары: «Аграрлық кредиттік корпорация», «ҚазАгроҚаржы», «Өнеркәсіпті дамыту қоры», «Қазына Капитал Менеджмент») микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредит жатады.
Банк секторы қанша қарыз берді
Ал соның ішінде банк секторының (екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстанның Даму Банкі») кредиті 46,5 трлн теңгені құрайды. Бұл қарыздың 19,8 трлн теңгесі бизнестің алған несиесі болса, халықтың мойнындағы борыш 26,7 трлн теңгені құрайды.
26,7 трлн теңгенің 17,7 трлн теңгесі – тұтынушылық қарыз болса, 7,85 трлн теңгесі – ипотека. Ал трлн теңгесін басқа қарыздар.
Халықтың алған несиесі бір айда 196 млрд теңгеге өскен.
Ұлттық Банктің «Қазақстан қаржы тұрақтылығы туралы» 2025 жылғы есебі ел экономикасының қазіргі жай-күйі мен халықтың қаржы әдеттерін айқын көрсетіп берді. Бір жағынан елдің сыртқы резерві мен алтын қоры ұлғайып, макроэкономикалық тұрақтылық сақталып отырса, екінші жағынан тұрғындардың қарыз жүктемесі артып, халықтың нақты табысы төмендеп бара жатқаны байқалады.