Шымкентте 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Пожарные. фото: Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Милош Муратовский
Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Милош Муратовский

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қонаев даңғылында 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан СПА-салонда өрт шықты, деп хабарлайды Kursiv.media.

112 ақпаратына қарағанда, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 14 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялаған.

«Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 28 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, Астанада тұрғын үй кешенінің автотұрағы өртеніп, 32 адам құтқарылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз